Еркін НҰРАЗХАН - қазақ бейнелеу өнері майталмандарының бірі. Ол әсіресе шарж (достық әзіл сипатындағы портрет) жанрын қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Осы саланың көшбасшысына айналған суретші бүгінде Ә.Қастеев мұражай-үйінің директоры болып қызмет атқарады. Бейнелеу өнеріне қоса, жазу өнеріне де бір адамдай таласы бар азамат.
Енді оның еліміздегі танымал тұлғаларына арналған шарждарын ұсына бастаймыз.